Аудитор

Корпоративный университет "Самрук Казына" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Без опыта (каз) Полная занятость (каз), Полный день (каз)
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
35

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Экономика және қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, ақпараттық технологиялар, техникалық сала, немесе құқықтық сала бойынша жоғары кәсіби білім;
  • Аудит және қаржылық менеджмент саласында сертификат және/немесе біліктілік болуы артықшылық;
  • Аудит, бухгалтерлік есеп, қаржы, ақпараттық технологиялар саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Қазақстан Республикасының жер пайдалану заңнамасын, «Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білу;
  • Аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп, салық салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
  • Халықаралық және ұлттық қаржылық есептілік стандарттарын білу;
  • Ішкі аудит бойынша этика кодексі мен Халықаралық кәсіби стандарттарды, Ішкі аудит институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген;
  • Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білу;
  • Заңтану, инвестициялық қызмет, жер пайдалану, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау жүйесі, корпоративтік басқару және бизнес-процестерді басқару мен құру принциптерін білу.

Талаптар:

  • 1. Стратегиялық және жылдық аудит жоспарын орындау
  • Корпоративтік басқару, операциялық (өндірістік және қаржылық) қызмет саласындағы тәуекелдер мен ішкі бақылаудың тиімділігін бағалайды;
  • Жылдық аудит жоспарын жаңарту қажеттілігіне қатысты есепті жыл ішінде Компанияның тәуекелдер мен ішкі бақылауларын бағалаудағы өзгерістерді талдайды; • Компанияның тәуекелдер карталарын және реестрін талдайды;
  • Жылдық аудит жоспарын әзірлеу кезінде Стратегиялық жоспардың ақпаратын зерттеуге қатысады;
  • Стратегиялық жоспарға енгізу үшін қажетті ақпаратты дайындайды;
  • Стратегиялық жоспардың КПА СД Компаниясымен келісу процесіне қатысады.
  • 2. Әдістемелік жұмыстарды әзірлеуге қатысу
  • Ішкі аудиттың халықаралық стандарттарын зерттеу және талдау;
  • Ішкі саясаттар мен процедураларды әзірлеу және енгізу процесіне қатысу;
  • Ішкі аудиттың сапасын қамтамасыз ету және арттыру бағдарламасын әзірлеу және іске асыруға қатысады.
  • 3. Аудиттік тексерулер жүргізу
  • Аудит жүргізу үшін қажетті ақпаратты жинап, дайындайды;
  • Аудиттік тапсырмаларды жоспарлауды үйлестіреді және келіседі;
  • Аудиттік тапсырманың мақсаттарына жету үшін аудит процедураларын жүргізеді;
  • Аудит жүргізу үшін қажетті ақпаратты талдайды және құжаттайды;
  • Аудиттік тексерулердің нәтижелері бойынша аудиттік есептерді дайындайды;
  • Тексерулердің нәтижелері туралы аудит объектісін хабардар етеді (келісу);
  • Аудит нәтижелерін аудит субъектісімен талқылайды және аудиттік есепті келіседі;
  • Қорытындылар, ұсыныстар, түзету шараларының жоспарларын дайындайды.
  • 4. Ішкі аудит және сыртқы аудитормен ұсыныстардың орындалуын мониторингтеу
  • Компанияның құрылымдық бөлімшелерінен, соның ішінде сыртқы аудитормен ақпарат жинап, өңдейді;
  • Аудит объектінің берілген ұсыныстар бойынша түзету шараларын жүзеге асыруын бақылауды жүзеге асырады;
  • Көрсетілген кезең үшін берілген ұсыныстар бойынша мониторинг есебін қалыптастырады;
  • 5. Ішкі бақылау мәселелері бойынша консультациялық қолдау көрсету
  • Ішкі бақылау мәселелері бойынша жазбаша сұрауларды зерттейді;
  • Жауаптарды жинап, талдайды және дайындайды.
  • 6. Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу
  • Бухгалтерлік есеп, корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі мәселелері бойынша тәуелсіз консультанттармен өзара әрекеттеседі;
  • Компетенциясына кіретін мәселелер бойынша сыртқы тексеруші органдармен өзара әрекеттеседі.

    Шарттар:

  • ресми жұмысқа орналастыру;
  • жұмыс беруші есебінен оқыту;
  • тасымалдау.